04 сәуір 2016 15:10

Жапонның мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юдзуру Ханю.© Айжан Түгелбаева Юдзуру Ханю.© Айжан Түгелбаева

Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенге қатысты айыптаулар айтқаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының фан-клубына сілтеме жасап.


Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенге қатысты айыптаулар айтқаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының фан-клубына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, федерация екі спортшының арасында соқтығысудың болмағанын мәлімдеп, айыптауларын алып тастады. Ал түсінбеушілік туғызғаны үшін Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады. Жапон БАҚ-тарының мәліметінше, спортшылар қол алысыпты. Ресми хат Қазақстанның конькишілер федерациясына жолданыпты.

Еске салайық, Сочи-2014 Олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю қазақстандық Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны орындау алдындағы жаттығу кезінде оны қасақана соғып өтті деп мәлімдеген еді. Ханюдың айтуынша, қазақстандықтың бұл әрекеті оны қатты уайымдауға мәжбүр еткен, сондықтан ол барлығын да басынан бастауға тура келген. "Мен бейнежазбаны қарадым және ол бұл әрекетті қасақана жасады деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Ханю. Жапон спортшысы Денис Тенді бұған дейін де осындай қылық көрсетті деп айыптаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети