Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жас гроссмейстер оқушылармен кездесті

13 Қыркүйек 2014, 18:22
0
Фото sports.kz сайтынан
Фото sports.kz сайтынан

Астанадағы "Керуен" ойын-сауық сауда кешенінде республикалық "Кел, жастар, оқылық" акциясы аясында шахматтан халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова мектеп оқушыларына арнап дәріс жүргізді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Онда еліміздегі шахмат жұлдыздарының бірі - Динара Садуақасова  "Нұр-Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының, Астана қаласының қалалық білім басқармасының, республикалық "Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің, Х.Омаров атындағы шахмат клубының өкілдерімен және елордадағы мектептер мен колледждердің оқушыларымен кездесті.

Осы кездесу барысында Динара оқушыларға, аула клубтары тәрбиеленушілеріне, өрімдей жас шахматшыларға арнап, бір кезеңдік дәріс берді. Көзге түскен жеткіншектерге өзінің "Шахматтағы алғашқы қадамдар" атты кітабын сыйлады.

Бұл кездесу біздің елде осы спорт түріне қызығушылар көп екендігін көрсетті. Олар гроссмейстермен кездескендеріне риза болып, баға жетпес тәжірибе жинақтап қайтты.

Ал Динара Садуақасова болса, "біршама шаршап қалыппын, бірақ балалармен ойнаудан және олармен тілдесуден ләззат алдым" - дейді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай