26 маусым 2014 16:35

Жас зілтеміршілер әлем чемпионатында алтын ала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wfrk.kz сайтынан Фото wfrk.kz сайтынан

Қазанда (Ресей) ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кезекті әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірше, біздің жас таланттарымызға бұйырғаны – бір қола ғана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазанда (Ресей) ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кезекті әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірше, біздің жас таланттарымызға бұйырғаны – бір қола ғана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, Татарстан астанасындағы әлем чемпионатында 15 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Бұдан да нақтырақ айтар болсақ, жігіттер сегіз салмақ дәрежесінде, ал бойжеткендер жеті салмақта 20 жасқа дейінгі әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін анықтайды.

Қазақстан құрамасы бұл біріншілікке шағын құраммен аттанған болатын. Дәлірек айтар болсақ, Бақыт Ахметов бастаған, Сергей Шевченко мен Леонид Дигай қостаған бапкерлер құрамы Қазанға алты бозбала мен бір бойжеткенімізді ғана әкеткен еді.

Жеткіншектер құрамасының ықшамдығына қарап, бапкерлер кеңесі «саннан сапаға көңіл бөлген ғой» деп түйгенбіз. Алайда сапа да саннан аса алмай отырғандай.

69 келіде ел намысын қорғаған Альберт Линдер қоссайыс қорытындысында 313 (140+173) келімен қола медаль еншіледі. Тіпті қола жүлдемен шектелді десек те болар.

Өйткені, Линдер өте таланты жігіт еді. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы, тағысын тағы. Бірақ бұл жолы бұйырғаны қола медаль ғана болып отыр.

Қазанда оның алдын 318 (145+173) келімен Тунис таланты Карем Бен Хниа және 317 (146+171) келімен Қытай қыраны Юань Чэнфей орап кетті.

Айтпақшы, осы салмақта тағы бір жігітіміз өз бағын сынап, 13-орынды қанағат тұтты. Атап айтқанда, Михаил Макеев қоссайыс қорытындысы бойынша 280 (130+150) келі зілтемірді еңсерді.

Қалған қыз-жігіттеріміз де жүлдеге іліге алар емес. 56 келіде сынға түскен Игорь Сон 214 (94+120) келі көтеріп, 15-орынмен шектелді.

Ал 62 келі салмақ дәрежесінде екі жігітіміз бақ сынап, екеуі де жүлделі орындарға маңайлай алмады. Михаил Дроздов 250 (115+135) келімен 10-орынға, ал Тимур Хасаров 235 (110+125) келімен 15-орынға табан тіреді.

85 келіде бақ сынаған Станислав Демидов 290 (127-163) келіні ғана бағындырып, 17 зілтеміршінің ішінде 14-орынды иеленді.

Бүгін қыздар арасындағы 75 келі салмақта әлем чемпионатына аттанған жалғыз бойжеткеніміз Елена Парфентьева бақ сынайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети