10 шілде 2017 11:53

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында медальдар есебі бойынша үшінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан жүлделер есебі бойынша үшінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан жүлделер есебі бойынша үшінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен төрткүндік жарыста Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жарыстың соңғы күні 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина алтынға қол жеткізгенімен қоса, Азия маусымындағы үздік уақытты (23.10 секунд) көрсетті. Осылайша, 2017 ол Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Мұның алдында ол 100 метрге жүгіруде бірінші болды және эстафета құрамында да жеңімпаз атанған еді. 

Ел қоржынына төртінші алтынды ұзындыққа секіруден Мария Овчинникова салды. Алғашқы жарысында 13 метр 72 сантиметрге секіріп, ол құрлықтың үздігі болуымен қатар Лондондағы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. 

Осы жарыс түрінен Ирина Эктова күміс медальға қол жеткізді. 

Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден екінші, ал 200 метрге жүгіруден үшінші болып келді. Қазақстан қоржынын ядро лақтырудан Иван Иванов тағы бір қоламен толықтырды. 

Осылайша, Қазақстан Үндістан мен Қытайдан кейін үшінші орында. Бұл жарысқа жалпы 43 елдің спортшылары қатысқанын айта кету керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети