31 наурыз 2019 08:37

Жеңілмеген қазақстандық файтер M-1 Global белбеуін иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Рахмонов. © Григорий Гринько/ sportx.kz Шавкат Рахмонов. © Григорий Гринько/ sportx.kz

Аралас жекпе-жекте Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта M-1 Challenge чемпионы атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Аралас жекпе-жекте Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта M-1 Challenge чемпионы атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондық атаққа талас Алматы қаласында халықаралық M-1 Challenge 101 турнирі аясында өтті. Қазақстандықтың қарсыласы - ресейлік спортшы Данила Приказа болды. 

Рахмонов екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық файтер 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанский боец смешанных единоборств (ММА) Шавкат Рахмонов завоевал титул чемпиона M-1 Challenge в полусреднем весе, сообщает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Титульный поединок состоялся в рамках международного турнира M-1 Challenge 101 в Алматы. Соперником казахстанца выступил Данила Приказа. ⠀ Поединок завершился победой Рахмонова техническим нокаутом во втором раунде. Таким образом, казахстанец одержал 11-ю победу в 11 боях. ⠀ Ранее свои бои на турнире провели четыре казахстанца. Так, Абылайхан Кадыржан (легчайший вес) за 52 секунды расправился с грузином Бено Адамией, Асу Алмабаев, выступающий в наилегчайшем весе, "задушил" во втором раунде ранее непобежденного француза Пьера Люде, а Азамат Бакытов (легкий вес) решением судей победил россиянина Бориса Медведева. ⠀ В основном карде шоу Арман Ашимов победил бразильца Кайка Аленкара единогласным решением судей. Для казахстанца эта победа стала десятой в карьере при трех поражениях и одной ничьей. Бразилец же потерпел первое поражение при девяти победах. ⠀ #kazakhstan #mma #казахстан #kaz #kz #kazmma #kzmma #almaty #алматы #fight #ko #tko

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Осы турнирде тағы төрт қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Абылайхан Қадыржан (жеңіл салмақ) 52 секундта грузин файтері Бено Адамияны тізе бүктірді, ал Асу Алмабаев (аса жеңіл салмақ) француздық Пьер Люде есімді жеңілмеген спортшыны екінші раундта қылғындыру әдісі арқылы жеңді. Азамат Бақытов (жеңіл салмақ) төрешілер шешімімен ресейлік Борис Медведевті жеңді. 

Шоудың негізгі кардында Арман Әшімов бразилиялық Кайка Аленкарды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Осы күнге дейін үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен Әшімов 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Тоғыз жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген бразилиялық бірінші рет тізе бүкті. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети