21 сәуір 2017 19:35

Жеңіліс тапқан Қуат Хамитов төрешілердің шешіміне қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондыққа талас жекпе-жегінде Магомедсайгид Алибековтен жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz порталы.


Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондыққа талас жекпе-жегінде Магомедсайгид Алибековтен жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz порталы.

"Алғашқы екі раундта Алибеков жеңді, алайда қалған үшеуінде мен жеңдім. Төрешілер болса Алибековке жеңісті беріп қойды. Құттықтаймын! Бірақ мен белсенді болдым және көбірек соққы жасадым, сондықтан мен шын мәнінде жеңіске жеттім. Төрешілердің бір білгені бар шығар... Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстанда бүкіл халық маған жанкүйер болды. Әрбір жеңісімді еліме арнаймын. Төрешілер жекпе-жекті басқа қырынан көрген шығар. Сонда да - Қазақстан, алға! Ораламыз деп үміттенемін", - деді Хамитов октагонда.

Осыдан кейін қазақстандық өз қарсыласын Алматыда кездесуге шақырды. "Алматыда реванш өткізейік. Мен жеңдім немесе кем дегенде тең болдық. Мен саған келдім, енді сен маған кел. Жекпе-жекке шығайық!", - деді Хамитов Алибековке. 

"Мен осы жекпе-жекке келісемін, алайда бұл ұйымдастыруға және тағы бір мәселелерге байланысты", - деп жауап берді Алибеков қазақстандыққа.

Ал кейін жекпе-жектің видеосы пайда болды:

Айта кетейік, Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында ресейлік Гаджи Рабадановтан үстем болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети