14 қараша 2016 11:10

Жылдамдығы Олимпиада және әлем чемпиондарын тамсандырды - Валуев қазақстандық "феномен қыз" туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Knockout Club © Knockout Club

Павлодар тумасы тоғыз жастағы Эвника Саадвакасова Бірінші арнадағы "Лучше всех" талантты балалар телешоуына түсті, - деп жазады Vesti.kz.


Павлодар тумасы тоғыз жастағы Эвника Саадвакасова Бірінші арнадағы "Лучше всех" талантты балалар телешоуына түсті, - деп жазады Vesti.kz.

Бағдарлама эфирге шықпай тұрып, Эвника Садвакасова 30 секундта 206 соққы жасап, рекорд орнатқан болатын. Телешоу кезінде Эвника бұл көрсеткішінен асып түсіп, 221 соққы жасады. Ал бұл рекордты жаңартуға оған Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Николай Валуев көмектесті. 

Рекорд алдында, жүргізуші Эвника Саадвакасова аққайыңды соққылап, оны жаңқаға айналдырып жатқан видеосын тамашалуды ұсынды. 

"Маған осы видеоны жолдады, оны боксшылардың барлығы көрген болу керек, барлығы таңдануда, олардың ішінде - Олимпиада мен әлем чемпиондары, кәсіпқойлар және әуесқойлар - олардың барлығы қыздың жылдамдығына тамсанды. Оның үстіне тамсандырған жылдамдық қана емес, соққының дәлдігі де", - дейді Валуев.

Эвника Саадвакасова екі жыл бұрын әлемге танылды. Оның әкесі Руслан қызының асқан шеберлігін байқататын роликті Желіге салған болатын. UFC арқылы танымал болған Ронда Роузи да Қазақстаннан шыққан жас талантқа таңданысын білдірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети