ҚААФ Ұлттық құраманың әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты пікір білдірді

02 Қазан 2017, 11:37
0
ҚААФ Ұлттық құраманың әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты пікір білдірді - © wfrk.kz
© wfrk.kz

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Ұлттық құраманың 2017 жылы өтетін әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Еске салайық, 30 қыркүйек күні ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды. Оған себеп қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарында допинг дауына көп іліккені болған.

"30 қыркүйек пен 1 қазан күндері Румынияның астанасы Бухарест қаласындағы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жиында IWF басты мәселелері қарастырылды. Оның ішінде халықаралық додалардағы спортшылардың салмақ дәрежелері мен Олимпиада ойындарына іріктеудің қалай өтетіні және басқа да сауалдар көтерілді.

Бұл жиын кезінде БАҚ өкілдері мен Халықаралық Олимпиада комитетінің назарын федерацияның допингке қарсы шаралары мен саясаты аударды. Өйткені, бұрнағы күні 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы допинг дауының көп шығып кетуіне байланысты, ХАлықаралық Олимпиада комитетінің қатаң бақылауына алынған болатын.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында Тбилисидегі IWF-тің Атқарушы комитетінің отырысынан кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында үш немесе одан да көп рет допинг дауына іліккен елдердің бір жылғы барлық халықаралық бәсекелерден шеттетілгені белгілі болған. Бұл тізімге қазіргі уақытта ауыр атлетика спортында алдыңғы қатарда келе жатқан тоғыз ел іліккен еді. Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасы да бар.

Бухарестте өткен жиында Атқарушы комитеті "Тбилисиде тіркелген" шешімді тағы да нақтылап, бұл шешімді арнайы комиссияның бақылауымен орындауды талап етудің жолдарын қарастырды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бұл сұрақ қарастырылған барлық жиында мұндай жазаға тартылуға лайықты емес екенін айтып келді. Сондықтан Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшылары да түгелімен ауысқан. Қазақстанда допингке қарсы жұмыс қатаң назарға алынған. Оның нәтижесі бойынша 2016 және 2017 жылдары бірде-бір қазақстандық ауыр атлеттің қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған. Бұл мәліметтердің барлығы да IWF-тің Атқарушы комитетіне берілген.

Бухаресте өткен Атқарушы комитеттің жиынында біздің елден маусым айынан бастап IWF-тің вице-президенті болып таңдалған Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков қатысты.

IWF-тің таратқан ресми мәліметі бойынша, отырыста шешілген барлық сұрақтар мен мәселелер шеттетілген тоғыз елдің федерацияларына қазан айының ортасында жіберіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері жазаның Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларына әсер етпеуі туралы мәселеге байланысты жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан өкілдері Халықаралық және Азияның ауыр атлетика федерациясы құрамында жұмыс істеу туралы мәселені де шешіп жатыр.

Бұл жиыннан кейін негізгі жаза Қазақстан ұлттық құрамасына 12 айға тағылады деп күтілуде. Бұл жаза арнайы комиссияның шешімі бойынша өзгертілуі де ықтимал. Комиссия тоғыз елдің допингке қарсы жұмыстарына сараптама жасап отырады. Егер бұл оң нәтиже берсе, жаза да жеңілдетіледі", - делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты таратқан түсініктемеде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай