33 жастағы кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр, - деп жазады Vesti.kz.
33 жастағы кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр, - деп жазады Vesti.kz.
Геннадий Головкин GGG (36-0, 33 КО) орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері.
Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Айта кетейік, Жанат Жақиянов бірер күн бұрын АҚШ-та жергілікті боксшы Роуши Уорренмен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундта екі мәрте нокдаунға түскенімен, қалған уақытта жекпе-жектің тізгінін қолына алып, жеңіске жетті.
Үздіктер тізімін Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) түйіндеп тұр. 33 жастағы былғары қолғап шеберіне бірінші ауыр салмақ дәрежесінде тұрақты әлем чемпионы атағы тиесілі.
Белбеуі бар өзге қазақстандық кәсіпқой боксшылар:
Қанат Ислам (22-0, 18 КО - бірінші жартылай орта салмақ) - WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin;
Александр Журавский (13-2, 11 КО - жартылай орта салмақ) - WBO Oriental;
Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО - екінші жеңіл салмақ) - WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBA-NABA USA;
Иса Акбербаев (18-0, 13 КО - бірінші ауыр салмақ) - пояс Global Boxing Counsil (Германия).