02 маусым 2014 15:00

Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©gazeta.ru ©gazeta.ru

Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. Бул туралы бүгін ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. Бул туралы бүгін ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін ұлыбританиялық БАҚ ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, қатарлық Мохаммед бин Хаммамның әлем біріншілігін Катарда өткізу үшін ФИФА өкілдеріне 5 миллион доллар аударғандығы туралы айтқан болатын. 

Параны Африка футболының  шенеуніктері алған. Одан бөлек Хаммам 1,6 миллион долларын ФИФА-ның Тринад және Табаго еліндегі өкілі Джек Уорнерге аударған. Бойстың айтуынша, егер бұл болжамдар шындыққа айналса, онда ол ФИФА-ның атқарушы директорлар кеңесіне 2022 жылғы әлем біріншілігін басқа елде өткізу туралы ұсыныс жасайды.

"Егер ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсияның тексеруінде Қатардың қандай да бір заңсыздыққа жол бергенін анықтайтын болса, онда мен басқа қалада өткізу туралы ұсынысты қабылдаймын. ФИФА бұл мәселені қатты қарастырып жатыр", - дейді Бойс. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети