Қайрат Нұртас пен Ермахан Ибраимов асық ойнайды

23 Мамыр 2014, 20:02
0
Қайрат Нұртас пен Ермахан Ибраимов асық ойнайды -  Әнші Қайрат Нұртас. Фото ©Роза Есенкулова
Әнші Қайрат Нұртас. Фото ©Роза Есенкулова

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов республикалық "Асық ату" турнирінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz  ұлттық спорт түрлері қауымдастығына сілтеме жасай отырып.

Белгілі болып отырғандай аталмыш турнир 25 мамыр күні Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.
Турнирге Қайрат Нұртас пен Ермахан Ибраимовтан өзге де белгілі тұлғалар қатысады.

Порталдың таратып отырған ақпаратына сүйенсек, турнирдің өзге қатысушыларына ашық республикалық чемпионат өткізіледі. Чемпионатқа қатысатын әрбір командада үш адамнан қатысушы болуы керек. Қатысушылардың жас мөлшері 16 жастан аспауы қажет.  

Турнир жеңімпаздары 300 мың теңге көлемінде сыйақы алса, ал екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге сыйақы беріледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай