18 ақпан 2014 13:21

"Қайрат" словакиялық ойыншымен келісім шарт жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: fckairat.kz Сурет: fckairat.kz

"Қайрат" футбол командасы словакиялық шабулышы Милош Лачнымен келісім шарт жасасты деп хабарлайды Tengrinews.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап. Ресми сайттағы мәлімет бойынша, 25 жастағы шабуылшымен "Қайрат" командасы 3 жылдық келісім шартқа қол қойған. Словакиялық ойыншы "Қайрат" клубы Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан кезде байқауға келетін болған. Содан шабуылшы Владимир Вайсстың ойын мәнеріне бірден үйренісіп, тіпті "Университатя" командасымен өткізілген жолдастық кездесуде бір нәтижелі соққымен көзге түскен. Сол оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша, команда жетекшілері бұл футболшымен келісім шарт жасасуды жөн көріпті. Айта кетейік, Милош Лачны өзінің спорттық ғұмырын словакиялық "Ружомберок" командасының сапында бастаған. Бұл команданың сапынан 2010 жылы ол чехияның "Спарта" (Прага) командасының қатарына қосылған. Дегенмен, шабуылшы бұл командада ұзақ тұрақтамай, братиславалық "Слован" клубына ауысқан. "Слованмен" Лачны 2011/2012 жылғы Еуропа Лигасының аясында сәтті өнер көрсетті. Бұдан кейін шабуылшы шотландиялық "Данди Юнайтед", беларуссиялық "Неман" ұжымдарында да ойнаған. Ал, өткен жылы шабуылшы өзінің спорттық ғұмырындағы алғашқы командасы "Ружомберок" командасына келіп, 16 кездесуде 11 гол соққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети