15 ақпан 2014 21:06

Қазақ үйі төрінде – Денис Тен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. 
Фото ©Айқын Жаппар Денис Тен. Фото ©Айқын Жаппар

Бүгін Сочидегі Қазақ үйінде мәнерлеп сырғанаудан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенмен кездесу және баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баспасөз жиынын ҚР Спорт және туризм агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев ашты. Денис Тенді құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жедел хатын оқып берді. Денис Тен «бұл жүлде – бүкіл еліміздікі» деп баса айтты. Бірінші кезекте Елбасына алғыс білдірді. Ел сенімін ақтап, Қазақстан қоржынына жүлде салғанына қуанышты екендігін, өзін бақытты сезініп отырғандығын тебірене жеткізді. Бәсекелестіктің өте қызу болғанын, кемі оншақты адам жүлдеден үмітті болғандығын тілге тиек етті. Оның бапкері Фрэнк Кэрролл да өз ойын білдіріп, Теннің қайсарлығын атап өтіп, онымен алдағы уақытта да жұмыс жасауға болатындығын сездірді. Баспасөз жиынына Жапония мен Канаданың журналистері де келіп, Денисті құттықтады. Одан қысқа сұхбат алды. Сондай-ақ Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының (AIPS) президенті Джанни Мерло қатысты. Сонымен қатар Д.Теннің әке-шешесі келіп, жиналғандар қошаметіне ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети