Қазақ волейболшысы Қытай ғаламторының жұлдызына айналды

22 Шілде 2014, 17:00
0
Қазақ волейболшысы Қытай ғаламторының жұлдызына айналды - Сабина Алтынбекова. Сурет спортшының ВКонтакте желісінен алынды
Сабина Алтынбекова. Сурет спортшының ВКонтакте желісінен алынды

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова Қытай жанкүйерлері мен ғаламторының жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сабина бүгінде волейболдан 19-жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының ойыншысы.

Сабина Алтынбекова Қытай еліндегі мұндай танымалдылыққа өзінің сұлулығы арқылы қол жеткізді. Ол бұл күндері Тайпейде өтіп жатқан волейболдан Азия чемпионатының алғашқы күнінен-ақ жанкүйерлер мен тілшілердің назарын өзіне аударған. Жанкүйерлердің айтуына қарағанда, арудың түр-әлпеті жапон анимелеріндегі кейіпкерлерге ұқсайды екен. Азия біріншілігі әлі де аяқталмаса да Сабина Алтынбекованы турнирдің ең сұлу спортшысы деп таңдап қойған.

Сабина Алтынбекова мұндай танымал болып кеткеніне өзі де таң қалғанан айтады. Оның  Instagram әлеуметтік желісіндегі достарының саны жүз адамнан бірден алты мыңға дейін көбейіп кеткен. Қазірде оның жанкүйерлері күн сайын емес, сағат сайын өсуде. Қытайда бұл арудың алдынан тосып, сыйлықтар беріп, суреттерін салып жатыр. Тіпті қытайлық бір арна қазақ волейболшысы туралы арнайы сюжет те жасаған. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының волейболшылары Азияда бірінші рет сұлу деп танылып отырған жоқ. Өткен жылы дәл осы турнир барысында мұндай атақ Әлия Баткульдинаға берілген еді.  

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай