Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан ауыратлеттерінің бәсекелесі Украинадан Ресейге ауысқысы келеді

04 Мамыр 2014, 15:34
0
Фото sport.bigmir.net сайтынан
Фото sport.bigmir.net сайтынан
Фото espreso.tv сайтынан
Фото espreso.tv сайтынан

Украинаның ең үздік зілтеміршілерінің бірі, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Артём Иванов Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарын өткізіпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты allsportinfo.ru сайтына сілтеме жасап.

Артём Иванов 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Біраз жыл біздің әйгілі ауыратлетіміз – Илья Ильиннің басты бәсекелестерінің бірі болды. Ильин алдағы уақытта 105 келі салмақ дәрежесіне ауысуы мүмкін. Ал 94 келі салмақта бізде бір-біріне бергісіз тағы екі жігітіміз бар. Олар – күзде ғана Польшада өткен әлем чемпионатында күміс және қола медаль еншілеген Алмас Өтешев пен Владимир Седов.

Ал Артём Ивановтың қазіргі жағдайына оралар болсақ, ол азаматтығын ауыстыру мақсатында құжаттарын өткізіпті. Бірақ әлі Ресей төлқұжатын алмаған. Төлқұжат алған соң Ресей ауыр атлетика федерациясына осы елдің намысын қорғағысы келетіндігін білдіріп, өтініш жазбақшы көрінеді.

Бұл ретте үлкен атасының да, әжесінің де ұлты орыс екендігін, олардың Йошкар-Ола мен Орал аймағында туғандарын да алға тартуда. Азаматтығын ауыстыру жөнінде ешкім қысым жасамағанын, өзі осындай шешімге келгендігін де айтыпты.

Әрі Украина құрамасының намысын қорғаудан бас тартып, өтініш жазғанын да тілге тиек еткен. Енді Украина федерациясы Ресей намысын қорғауына қарсылық білдірмеуі тиіс деген сенімде екенін де жасырмаған.

Негізі, бар мәселе – осында. Украинаның ауыр алтетика федерациясы оның Ресей намысын қорғауына қарсы болса, онда қолында Ресей төлқұжаты болса да, осы елдің атынан дүбірлі додаларға бірден қатыса алмауы тиіс...

Жалпы, Артём Иванов 1987 жылы 16 желтоқсанда Днепропетровскіде туған. Украинада білім алған. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына барғанымен, белгісіз себептермен сынға түспеді. 94 келі салмақ дәрәжесінде қоссайыс қорытындысы бойынша – Украина рекордшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай