15 сәуір 2014 | 12:09

"Қазақстан барысы" турнирінің іріктеу сыны барлық ауылда өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Кazakhstanbarysy.kz Фото Кazakhstanbarysy.kz

Қазақ күресінен маусым айының соңында өтетін "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу ойдағыдай өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ күресінен маусым айының соңында өтетін "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу ойдағыдай өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзірге "Қазақстан Барысына" іріктеу кезеңінің І айналымын сәтті өткізген бес аймақ белгілі болып отыр. Соның ішінде, Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағында іріктеу кезеңі 100%-ға өткізілген. Одан кейін Жамбыл облысындағы 156 селолық округтің 148-інде іріктеу кезеңдері өткізіліп, нәтижесі 94,8% болды.

Былтыр іріктеу жағынан кемшін түскен Қарағанды облысындағы 9 аудан мен 181 селолық округте бұл жолғы кезеңдерден сырт қалмады. Іріктеу сындары Ақтөбе облысының Байғанин, Темір және Ырғыз аудандарына қарасты елді мекендердің барлығында өтті.

Ал Атырау облысындағы 7 ауданның екеуіне қарасты елді мекендерде (Жылыой, Мақат) іріктеу кезеңінің бірінші айналымы өткен жоқ. Құрманғазы ауданына қарасты селолық округтерде ғана "Қазақстан барысына" іріктеу кезеңі түгел өтті.

Жақында "Қазақстан барысы-2014" турниріне байланысты баспасөз отырысында жоба авторы Арман Шораев іріктеуге салғырт қараған облыстың жарыстан тыс қалатынын айтқан болатын. Былтыр үшінші рет өткен жарысқа немқұрайды қарағаны үшін Қарағанды облысының спорт басқармасы сөгіс алған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети