22 мамыр 2014 15:31

"Қазақстан Барысына" үміткер балуандардың ерекшеліктері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны түсірген: Өмірбек Сансызбаев Фотоны түсірген: Өмірбек Сансызбаев

Бүгін 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" жобасының ақтық сынына шыққан балуандарды таныстыру рәсімі өтіп, сонда біз олардың жекелей деректеріне қарап, біраз нәрсеге көңіл аудардық, деп жазады Tengrinews.kz.


Бүгін 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" жобасының ақтық сынына шыққан балуандарды таныстыру рәсімі өтіп, сонда біз олардың жекелей деректеріне қарап, біраз нәрсеге көңіл аудардық, деп жазады Tengrinews.kz.

Соңғы жылдары қалыптасқан әдет бұзылмай, бүгін 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" жобасының ақтық сынына шыққан балуандарды таныстыру рәсімі өткізілді. Бұл дәстүр салтанатты түрде Алматыдағы республикалық спорт колледждің жеңіл атлетикалық жабық залында ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл да ақтық сынға 33 балуан шыққан болатын. Олар – әр өңірден екі балуаннан (16 х 2 = 32) және өткен жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров.

Енді біз "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі таратқан сол деректерге сүйене отырып, "Ең, ең, ең..." айдарымен кейбір ерекшеліктерге тоқтала кеткіміз келеді.

Ең ауыр балуан: Жұманазар Ерсұлтанов (ОҚО) – 160 келі;

Ең жеңіл балуандар: Леонид Станеев (Ақмола обл.) және Рүстем Бурбаев (Ақтөбе обл.) – 82 келі;

Ең ұзын балуан: Рүстем Жұмаев (СҚО) – 198 см;

Ең "аласа" балуан: Батырхан Жүнісов (Павлодар обл.) – 173 см;

Ең егде балуан: Шалқар Жоламанов (ШҚО) – 35 жас, 2 ай;

Ең жас балуан: Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау обл.) – 18 жас, 8 ай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети