21 ақпан 2015 17:30

Қазақстан биатлоншысы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Галина Вишневская. Фото biathlon.kz сайтынан Галина Вишневская. Фото biathlon.kz сайтынан

Қазақстан биатлоншысы Галина Вишневская жастар арасындағы әлем чемпионатында 7,5 шақырымдық спринтте екінші келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир Беларусь астанасында өтіп жатыр.


Қазақстан биатлоншысы Галина Вишневская жастар арасындағы әлем чемпионатында 7,5 шақырымдық спринтте екінші келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир Беларусь астанасында өтіп жатыр.

Әлем біріншілігінде бұл қашықтық бойынша француз спортшысы Лена Арноға тең келер ешкім болмады, ол Вишневскаядан 2,4 секундқа озып кетті. Қазақстан биатлоншысынан кейінгі орын Францияның келесі бір өкілі Хлои Шевальеге бұйырды. Бұл туралы спорт порталынан толығырақ оқи аласыздар. 

Айта кетейік, шығысқазақстандық спортшы - 21 жастағы Галина Вишневская мұның алдында Словакияда өткен 2015 жылғы қысқы Универсиаданың аралас эстафета жарысында да күміс медальді иеленген еді. Ол - 2012 жылғы жасөспірімдердің қысқы Олимпада ойындарының (Австрия) қола және күміс медалінің иегері және сол жылғы әлем чемпионатының (Финляндия) күміс жүлдегері. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети