10 мамыр 2014 12:05

Қазақстан ФИФА рейтингіндегі орнын сақтап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: kvedomosti.com Сурет: kvedomosti.com

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның мамыр айындағы жаңартылған рейтингінде 118 орнын сақтап тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 


Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның мамыр айындағы жаңартылған рейтингінде 118 орнын сақтап тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Өткен айдың қорытындысы бойынша біздің құрама 235 ұпаймен тізімнің 118 сатысына жайғасқан. Бұл айда да Қазақстан құрамасы дәл сондай көрсеткішпен сол орында. 

Жаңартылған рейтингте Қазақстан ТМД құрамаларынан тек Тәжікстан (229), Қырғызстан (148), Түркменстан (119) футболшыларынан жоғары тұр.

Мамыр айындағы тізімде үздіктердің қатарында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Көш басын жалпы 1460 ұпай жинаған Испания құрамасы бастап тұр. Екінші орында Германия (1340), үшінші орында Португалия (1245) болса, екі саты жоғары көтерілген Бразилия төртінші орында(1210),  Колумбия (1186) құрамасы бесінші орынға жайғасқан. 

Мамыр айындағы ФИФА рейтингі:

1 (1). Испания — 1460
2 (2). Германия — 1340
3 (3). Португалия — 1245
4 (6). Бразилия — 1210
5 (4). Колумбия — 1186
6 (5). Уругвай — 1181
7 (6). Аргентина — 1178
8 (8). Швейцария — 1161
9 (9). Италия — 1115
10 (10). Грекия — 1082

17 (17). Украина — 913
18 (18). Ресей — 903
33 (33). Армения — 750
53 (53). Өзбекстан — 577
83 (83). Беларусь — 404
85 (85). Әзірбайжан — 398
99 (99). Молдова — 325
103 (103). Грузия — 303
104 (104). Литва — 293
109 (109). Латвия — 273
118 (118). Қазақстан — 235
121 (133). Тәжікстан — 229
146 (147). Қырғызстан — 148
156 (156). Түркмения — 119.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети