30 қаңтар 2015 17:32

Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада төртінші медальді иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Қазақстан шаңғышылары ел құрамасының қоржынына 2015 жылғы қысқы Универсиаданың төртінші медалін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Универсиада Испанияның Гранада қаласында өтіп жатыр. 


Қазақстан шаңғышылары ел құрамасының қоржынына 2015 жылғы қысқы Универсиаданың төртінші медалін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Универсиада Испанияның Гранада қаласында өтіп жатыр. 

Қазақстан спортшылары - Анна Стоян, Виктория Ланчакова мен Анастасия Слоновалар үш те бес шақырымдық эстафетада екінші келді, олар Ресей құрамасынан ғана ұтылды. Шаңғышыларымыздың уақыты - 48 минут 30,7 секунд, ресейліктер қашықтықты 43,6 секундқа жылдам бағындырды. Бұл сайыста үшінші орынды Франция құрамасы еншіледі. 

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 2015 жылғы қысқы Универсиадада барлығы төрт медаль алып отыр - екі алтын, екі күміс. Жалпыкомандалық есепте еліміз үшінші орыннан екіншіге көтерілді. Ресей құрамасы бәрінен озып тұр, оның 10 алтын, тоғыз күміс, 10 қола медалі бар. 

Еске салайық, жаһандық қаржы дағдарысына байланысты ХХVII қысқы Универсиада биыл екі елде ұйымдастырылып отыр - Испания мен Словакияда. Словакияда биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, солтүстік қоссайыс жарыстары өтеді. Универсиада 14 ақпанға дейін созылады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети