26 қыркүйек 2014 01:39

Қазақстан құрамасының бапкерлері Жазираны жүлдесіз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазира Жаппарқұл. Фотоны түсірген - Н.Басов Жазира Жаппарқұл. Фотоны түсірген - Н.Басов

Қазақтың зілтемірші қызы Жазира Жаппарқұл ХVІІ жазғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды. Себебi, ол өз салмағында емес, ауыр салмақта бақ сынады, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Қазақтың зілтемірші қызы Жазира Жаппарқұл ХVІІ жазғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды. Себебi, ол өз салмағында емес, ауыр салмақта бақ сынады, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Негізі, Жазира Жаппарқұл 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын. Ал 69 келідегі қыздар кеше сынға түсті. Инчхонда жүріп, "Жазира 25 қыркүйек күні сынға түседі" дегенді естіп, таң қалдық...

Сонымен бүгін ауыратлеттер сынға түсетін спорттық кешенге бардық. Бүгінгі сынға түсетіндер, 75 келі салмақтағы қыз-келіншектер екендігіне іс жүзінде көз жеткіздік. 72-75 келі тартатын ауыр салмақты қыздар арасында шынашақтай болып Жазира жүр. Оның салмағы – бар болғаны 69,8 келі.

Бүгін осы салмақта бес қыз өнер көрсетті. Бесеуінің деңгейлері төмен екендігі бірден байқалды. Әсіресе соңғы орындарға табан тіреген үш қыз тым осал екен. Жанымыздағы мамандар "бұларды А-тобына неге қосқан, бұл енді ұйымдастырушылардың ағаттықтары ғой" деп жатты.

Жүлделі орындарға төрт қыздың таласатындығы бірден белгілі болды. Солтүстік Кореяның екі қызы мен Қытай зілтеміршісінің әлеуеттері бірден байқалды. Біреуі өздері тапсырыс берген салмақты үш мүмкіндігінде де көтере алмай, сайыстан шығып қалмаса, Жазираның жүлдеге ілігуі мүмкін емес.

Әлгі үшеуі салмағы өздерінен жеңіл Жазира тұрмақ, бір-біріне дес берер емес. Сонымен, қола жүлде КХДР қызы Йонг-сим Римге бұйырып, алтынға Юнджу Ким (КХДР) және Юэ Кан (Қытай) таласты. Екеуінің арасындағы бәсекелестіктің шектен тыс қызғандығы соншалық, олар бірнеше рекорд жаңартты да.

Атап айтқанда, Юнджу Ким серпе көтеруде 164 келіні еңсеріп, әлем рекордын, сонымен қатар Азия және Азия ойындары рекордтарын жаңартты. Әрі қоссайыс қорытындысы бойынша 292 келімен Азия ойындары рекордын өзгертті. Ал Юэ Кан жұлқа көтеруде 131 келімен Азия ойындары рекордын жаңғыртты. Серпе көтеруде әлгі рекордтар үш мәрте жаңғыртылып, бәсеке көрігі шектен тыс қызды.

Сөйтіп қоссайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер де анықталды:
1. Юнджу Ким (КХДР) – 292 (128+164) келі
2. Юэ Кан (Қытай) – 291 (131+160) келі
3. Йонг-сим Рим (КХДР) – 271 (118+253) келі
4. Жазира Жаппарқұл – 263 (118+145) келі.

Енді кешегі 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қыздардың нәтижелеріне көз жүгіртейік:
1. Янмей Сян (Қытай) – 268 (118+150) келі
2. Юнхи Рё (КХДР) – 262 (121+141) келі
3. Ших Су Хуанг (Тайпэй) – 233 (108+225) келі...

Осы нәтижелерге қарасаңыз, Жазираның бүгінгі көрсеткіштерімен өз салмағында күміс медаль олжалай алатындығына көз жеткізуге болады. Әрі қола медаль алған Тайпэй спортшысының қараша айының соңында 39-ға толатын ардагер зілтемірші екендігін де айта кеткеніміз жөн болар.

...Бұл қалай? Неге жанкешті Жазираны жүлдеден айырдық?! Неге бұлай қиянат жасадық?!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети