09 наурыз 2016 19:23

Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына киіп шығатын формасының соңғы нұсқасы бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына арналған формасы бекітілді. Комиссия өкілі Ольга Шишигина Tengrinews.kz тілшісіне салтанатты және спорт формаларының дизайны мен түстер гаммасына өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

"Әйелдердің парадқа киіп шығатын формасы бекітілді. Жеңі өзгертілді - ол үштен бір бөлігі болады және белдігі өзгеріске түсті. Әйелдердің пиджагы басқа түсте болады. Бастапқыда ол ерлердікіндей көк болған. Енді керісінше. Әйелдер пиджагының түсі ашық сарғыш - ер адамдардың шалбары осы түсте болады. Ал белдемше ер адамдардың пиджагындай көк. Бұл соңғы нұсқасы. Енді ештеңе өзгермейді", - деді Шишигина.

Форманың бастапқы нұсқасы. © Vesti.kz

Форманың бастапқы нұсқасы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазақстандық спортшылар киетін спорт формасы мақұлданды. "Бүгін спорт киімін де бекіттік. Түстер реңкін өзгерттік. Енді форманың түсі ақ және көк түстерде", - деді Шишигина. Оның айтуынша, комиссия өзгертілген формаға бір ауыздан дауыс берген. 

Форманың бастапқы нұсқасы.

Форманың бастапқы нұсқасы.

Айта кетейік, осыған дейінгі форма нұсқасы әлеуметтік желілерді кең талқыланып, қолданушылар нұсқаларды сынаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети