Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан, Ресей және Беларусь Халықаралық ауыр атлетика федерациясының үстінен шағым түсірді

18 Тамыз 2016, 17:07
0
© РИА Новости. Владимир Вяткин
© РИА Новости. Владимир Вяткин

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Ауыр атлетика федерациясының өкілдері Спорттық арбитраждық сотқа Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) жарыстардан шеттету туралы шешіміне шағым түсірді. Бұл туралы Ресейлік ауыр атлетика федерациясының президенті Сергей Сырцов мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Өздеріңіз білетіндей, Ресей, Беларусь, Қазақстан елдеріндегі Ауыр атлетика федерациясының өкілдері бұл шешімге шағымданды. Олар енді осы үш шағымның бірге қаралатынын білді", - деді Сырцов.

Сонымен қатар, Сергей Сырцов Неміс ауыр атлетика федерациясының президенті, IWF атқарушы комитетінің мүшесі Кристиан Баумгартнердің сөзін келтіре отырып, Ресейдің ауыр атлетика федерациясының спортқа жаман атақ әкелуін, Пекин мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарындағы сынамаларды қайта тексеруден кейін тыйым салынған заттардың көптеп табылғанын және спортшылардың допингті жүйелі түрде қабылдағаны спорттың дамуына қауіп төндіріп отырғанын айтты. 

Ал Ресейлік ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Максим Агапитов Баумгартнердің айтқан сөзін "әдепсіз, келешегін ойламайтын және сауатсыз" деп атады.

"Ресейдің ауыр атлетика федерациясы Халықаралық ауыр атлетика федерациясынан бұрын пайда болды. Бұл біріншіден еліміздің еңбегі. Біз спорттың осы түрін қалыптастырдық, оған ақша салдық'', - деді Агапитов.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеген болатын. Бұған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда спортшылардан алынған қан сынамаларының ірі тексерісінен көп адамның ағзасында тыйым салынған заттардың анықталуы себеп болып отыр екен.  

"Рио Ойындарынан кейін бұл елдердің ұйымға мүшелік етуін тоқтатамыз. Бұған кепіл бола аламын. Бұл елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусь", - деді Аян. Оның айтуынша, ендігіде соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған жағдайда бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусті Рио Ойындарына жібергісі келмеген, бірақ ХОК өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай