13 ақпан 2019 12:44

Қазақстан тумасы UFC-мен келісімшартқа отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik Кыргызстан © Sputnik Кыргызстан

Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев UFC промоушенімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев UFC промоушенімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Физиевтің айтуынша ол өз арманына жеткен және октогонда екі ел туын ұтсап шығады.

"Мен әлі бұл жаңалықты ой елегінен өткізіп жүрмін. Арманым орындалғанына сене алар емеспін. Бұл мақсатқа жету жолында талай қиындықтан өттім, алайда, ең қиыны әлі алда, сондықтан ұмтылысым арта түсті. Отбасым, жақындарым, достарым, менеджерлер, бапкерлер және спарринг серіктестерімнің көмегінсіз бұл мүмкін емес еді. Иншааллах октогонда екі ту ұстаймын: отаным Қырғызстан мен Әзірбайжан туын, менің әзірбайжан екенімді білдіру үшін", - деп жазыпты Фазиев Instagram желісінде.

Sherdog мәліметінше, Физиев ММА-да өткізген алты жекпе-жегінде де нокаутпен жеңіске жеткен. 2015 жылы ММА-да өнер көрсете бастаған спортшы 21 желтоқсан Titan FC 51 турнирінде қазақстандық Нұржан Тұтқаевты (5-4) нокаутқа түсірді. Бұл оның соңғы жекпе-жегі еді.

ММА-ға Физиев тай боксынан келді, бұл спортта ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар, бірнеше рет Қырғызстан, ал 2008 жылы Қазақстан чемпионы атанған.

Айта кетейік, Физиев 1993 жылы Қазақстанда дүниеге келген, ал 2005 жылы Қырғызстан астанасына көшіп барды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Прошло несколько дней, а я до сих пор перевариваю новость о подписании в UFC. Сколько я себя помню это было моей мечтой и до сих пор немного не верится, что она осуществилась. Через много трудностей пришлось пройти к этой цели и ещё больше испытаний впереди, но мотивации и целеустремлённости у меня теперь ещё больше чем когда либо! Это не было бы возможно без поддержки моей семьи, близких, друзей, менеджеров, тренеров и спарринг партнеров. Инша Аллах я подниму в октагоне два флага, флаг моей родины Кыргызстана ????????, а также флаг Азербайджана ???????? который будет символизировать то что я Азербайджанец. Отдельное спасибо @tigermuaythai @pavelfedotov_procoach @ghick1 @sayatus @dannyrube @rubyse ——————————————————— Happy to announce that I signed contract with UFC! Big thanks to everyone who supports me!

Публикация от MMA,Kickboxing and Muay Thai (@rafael_ataman_fiziev)

Физиев UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы Қазақстан тумасы. Мұның алдында әлемнің бірінші промоушенінде этинкалық қазақтар жұдырықтасқан: 2014 жылы Қытайда туған Жұмабек Тұрсын үш жекпе-жегінде де жеңілді, ал 2017 жылы желтоқсанда ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов октогонға Қазақстан және Ресей туын ұстап шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети