27 мамыр 2014 13:09

Қазақстанда тұңғыш рет конькимен жүгіру спортынан кәсіби команда құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Қазақстанның конькимен жүгіру федерациясы сайтынан алынды Фото Қазақстанның конькимен жүгіру федерациясы сайтынан алынды

Қазақстанда тұңғыш рет конькимен жүгіру спортынан кәсіби команда құрылды. Бұл мәселеге байланысты Астанада Қазақстан мен Нидерланды өкілдері меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда тұңғыш рет конькимен жүгіру спортынан кәсіби команда құрылды. Бұл мәселеге байланысты Астанада Қазақстан мен Нидерланды өкілдері меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жоба "Астана" велокомандасының үлгісі бойынша жүзеге асырылған. Жобаны екі тарап тең дәрежеде қаржыландырмақ. Қаржылық инвестициядан бөлек, голландиялықтар жобаға спорттық медицина, жаттықтырушылар мен менеджмент мамандарын даярлау саласындағы білімдерін енгізбек.

Жаңа жобаның басты мақсаты – қазақстандық спортшыларды 2018 және 2022 жылдары өтетін Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатына дайындау. Ол уақытқа дейін жаңа команда 2015 жылы "Алау" мұзайдынында өтетін спринттік жарыстан Әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетуді көздеп отыр.

Жоба ресми түрде 2014 жылдың 26 мамырындаөз күшіне енді. Екі елдің арасындағы әріптестік 2022 жылға дейін жалғаспақ. Қазақстан тарапынан аталмыш жобаға Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы, ал Нидерланд тарапынан 4SKATING командасы мен Нидерланды спорт министрлігі қатысады. Ал, команданы 1988 жылғы үш дүркін Олимпиада чемпионы Ивонн ван Геннип пен 1992 жылғы Олимпиада чемпионы Барт Велдкамп баптайтын болады. Команданың атауы, оның құрамына қандай спортшылар кіретіні алдағы уақытта белгілі болады.
 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети