30 қаңтар 2018 16:58

Қазақстандық 6 боксшы ХОК шәкіртақысын алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық 6 боксшы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында "Токио-2020 олимпиадалық шәкіртақысының" иегерлері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық 6 боксшы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында "Токио-2020 олимпиадалық шәкіртақысының" иегерлері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олимпиадалық ынтымақтастық" - Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.

Қазақстандық 24 спортшыға шәкіртақы бөлінген. Бұл қаржылық қолдау спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығуын қамтамасыз етуге арналған.

Боксшылар арасында бұл шәкіртақыға 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Василий Левит пен Дариға Шәкімова, 2017 жылғы әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети