25 шілде 2019 17:48

Қазақстандық CS:GO командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HLTV.org © HLTV.org

Қазақстандық AVANGAR командасы Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойынынан әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық AVANGAR командасы Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойынынан әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған тізімде қазақстандық команда 27-орынға жайғасты. Салыстырмалы түрде алдыңғы рейтингіге қарағанда команда бір саты жоғарылады. Бірінші орында АҚШ-тың Liquid командасы тұр. Екінші орында - француздың Vitality ұжымы. Үздік үштікте даниялық Astralis командасы жайғасты. 

Айта кетейік, сәуірде қазақстандық команда үздік 15-ке кірген еді. Еліміздің ойыншылары бір миллион доллар бәске тігілген Katowice Major жарысында үздік ондыққа кірген еді. 

Айта кетейік, өткен айда AVANGAR құрамына қазақстандық ең үздік ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаевты қатарына қосты. Одан бөлек бұл құрамда үш қазақстандық - Айдын Тұрлыбеков, Тимур Түлепов және Алексей Голубев бар. Команда капитаны - ресейлік Али Джами. Қазіргі уақытта ойыншылардың барлығы Украинада тұрады және дайындықтары сол елде өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети