Қазақстандық альпинист Универсиада мен Tengrinews.kz туларын үш құрлықтың ең биік нүктелеріне тікті

19 Қаңтар 2017, 17:06
1
Қазақстандық альпинист Универсиада мен Tengrinews.kz туларын үш құрлықтың ең биік нүктелеріне тікті -

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Vesti.kz тілшісіне шыңдарға өрлеу кезінде қысқы Универсиаданы қалай танымал еткенін айтып берді.

"Бұл туралы менен ешкім өтінген жоқ, мен тек елімізге пайдамды тигізгім келді. Қазақстан Универсиада өткізу құқына ие болған кезден бастап, мен үш құрлықтың ең биік нүктелерін бағындыратын болдым. Еуропада - Эльбрус, Солтүстік Америкада - Денали, ал Оңтүстік Америкада - Аконкагуа. Мен үш құрлықтың ең биік нүктелеріне шығып, Универсиада туын тіге алдым. Журналистермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында Алматыда өтетін Универсиада жайлы айтып бердім", - деді Мақсұт Жұмаев.

"Маған Универсиада елшісі боласың деп уәде берген еді. Алайда осы уақыт аралығында ұйымдастыру комитетінің үш басшысы ауысты. Бірақ мен Универсиаданың хабаршысы болдым. Универсиада - біздің жастар үшін тамаша алаң. Біз өзімізді көрсетіп, дәлелдеуіміз керек", - дейді альпинист.

Еске сала кетейік, Мақсұт Жұмаев биік шыңды соңғы рет 2016 жылдың 15 ақпанында бағындырған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай