22 сәуір 2015 11:38

Қазақстандық әскери қызметші олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Красилов. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Михаил Красилов. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Михаил Красилов 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Михаил Красилов 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Армия спортшысы жуырда Австрияның Вена қаласында өткен жеңіл атлетикадан "Vienna City Marathon" халықаралық марафонына сәтті қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Біздің құрама команданың атынан 30 жеңіл атлетші спортшы қатысты. Қазір Михаил Красилов белсенді жаттығу үстінде, себебі ол алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада кезінде міндетті түрде жүлделі орын иеленуді жоспарлап отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) таэквондо бойынша қазақстандық Қарулы Күштердің командасымен оқу-жаттығу жиыны жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея Қарулы Күштерінің құрама командасымен бірге жаттығу жүргізеді. "Осындай бірлескен оқу-жаттығулар Қазақстан мен Оңтүстік Корея спортшылары үшін тиімді. Осы орайда жинақталған тәжірибе алдағы уақытта біздің спортшыларымыздың республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда сәтті нәтиже көрсетуіне ықпал етеді", - деп атап өтті ҚР ҚМ АОСК аға жаттықтырушы - таэквондо бойынша топ бастығы капитан Әнуар Үсенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети