27 қазан 2016 17:33

Қазақстандық ауыр атлет допингке байланысты ХОК және WADA шешімін сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© proспорт © proспорт

Қазақстандық ауыратлет Мария Грабовецкая Лозаннадағы (Швейцария) Спорттық төрешілер сотына (CAS) арыз берді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы RNZ сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстандық ауыратлет Мария Грабовецкая Лозаннадағы (Швейцария) Спорттық төрешілер сотына (CAS) арыз берді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы RNZ сайтына сілтеме жасап. 

Бейжіңдегі Олимпиада-2008 ойындарында Грабовецкая қола медаль жеңіп алған. Биыл қайта тексеру барысында допинг сынамалары расталып, жақын арада оның қола медалін қайтарып алуы мүмкін.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) және Халықаралық антидопинг агенттігінің (WADA) шешімімен келіспеген Грабовецкая CAS сотына жүгінген. 

Егер украиналық Ольга Коробка мен Грабовецкаяларды күміс және қола медальдарынан айыратын болса, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында төртінші орын алған самоалық ауыратлет Эле Опелоге күміс жүлдеге ие болады. RNZ сайтына берген сұхбатында Опелоге әзірше медаль алмайтынын айтқан, себебі Коробко мен Грабовецкаялар CAS сотына арыз берген. 

"Бірнеше жыл бойы күту, әрине, өкінішті, алайда енді мен небәрі бір-екі ай күтемін, бірақ созылып та кетуі мүмкін", - деді Опелоге.

Самоа елінің ауыр атлетика федерациясы RNZ сайтының арыз туралы мәліметін растап берді. Ұйым Халықаралық ауыр атлетика федерациясынан (IWF) хат алған, онда Коробко мен Грабовецкаядан алынған "В" сынамасы оң нәтиже берген деп жазылған. 

Еске салайық, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада медальдарынан айырылды

Олар Лондон Олимпиадасында өз салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Жақын арада Подобедова, Чиншанло және Манеза алтын медальдарды қайтаруы тиіс. Олардың қатысқан жарыстары қайта қаралатын болды.

ХОК Подобедова, Чиншанло және Манезадан алынған допинг сынамалары анықталғаннан кейін осындай шешім шығарған. Рұқсат етілмеген заттар қайта тексеруден кейін анықталған, ХОК және WADA бұл тексерістерді осы жылдың басынан бастап өткізіп келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети