31 желтоқсан 2015 13:49

Қазақстандық ауыратлеттер лицензиядан айырылмайды - Федерация

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Өтешов. © REUTERS Алмас Өтешов. © REUTERS

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының өкілдері республиканың ұлттық құрамасына салынған айыппұл мен төніп тұрған дисквалификация жайлы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Жасұлан Қыдырбаевты, Ермек Өміртайды және Алмас Өтешовті шеттетуі уақытша. Қазақстандық тараптың жасаған үндеуіне ХААФ өкілдері тәртіптік комиссияның шақырылуы мүмкін екендігін, сол комиссияның қазақстандық ауыратлеттерді дисквалификацияға ұшырату немесе ұшыратпау туралы шешім қабылдайтынын айтып, жауап қатты. Өз кезегінде тәртіптік комиссия қазақстандық тараптың бастамасымен қай кезде болса да шақырылуы мүмкін немесе ХААФ бірінші жоспарлы шарасының барысында жиналуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети