Қазақстандық барлық ауыратлет лицензиядан айырылуы мүмкін

31 Желтоқсан 2015, 10:50
0
Қазақстандық барлық ауыратлет лицензиядан айырылуы мүмкін - © КТК
© КТК

Қазақстандық барлық ауыратлет олимпиадалық лицензиядан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК еуропалық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Астана Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тағайындаған 50 мың доллар айыппұлды уақытында төлеуі тиіс. Төлемеген жағдайда барлық спортшыны лицензиядан айыру жазасы қолданылады. Айта кетейік, 30 желтоқсанда Астанада Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі шұғыл жиын өткізді.

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай