30 шілде 2019 09:14

Қазақстандық файтер қыз UFC келісімшарты сарапқа салынатын жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Агапова. ©Fight Nights Мария Агапова. ©Fight Nights

Әйелдер арасында ММА-ден Қазақстан тарихында алғашқы әлем чемпионы атанған Мария Агапова (6-0) UFC басшысы Дана Уайттың шоуындағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Агапова Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Трэйси Кортес (5-1) болады.

Кездесу 30 шілдеде (Қазақстан уақытымен 31 шілде) Лас-Вегаста өтеді. Жеңіске жеткен файтер UFC-мен келісімшартқа отырады. 

"Салмақ өлшедік. Тура 125 фунт. Ертең қолымнан келетіннің бәрін көрсетемін. Бұл жекпе-жекте тек мықтысы жеңіске жетеді. Қазақстан, алға!", - деп жазды Агапова. 

Айта кетейік, Агапова кәсіпқой карьерасын 2015 жылы бастаған. Бүгінге дейін алты жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Ол Қытайда Heroines әлемдік лигасында және ММА-ден әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maria Agapova (@mma.mashka)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети