05 сәуір 2019 16:19

Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев CS: GO ірі турнирге қатысады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дәурен Қыстаубаев. Фото: Hltv.org © Дәурен Қыстаубаев. Фото: Hltv.org

Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев FaZe Clan командасы сапында CS: GO компьютерлік ойыны бойынша өтетін BLAST Pro Series Miami Invitational турниріне қатыспақ. Бұл турнирдің жүлде қоры 250 мың доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев FaZe Clan командасы сапында CS: GO компьютерлік ойыны бойынша өтетін BLAST Pro Series Miami Invitational турниріне қатыспақ. Бұл турнирдің жүлде қоры 250 мың доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жарыс 12-13 сәуір аралығында Майамиде (АҚШ) өтеді. Қазақстандықтың командасына қарсылас Astralis, Cloud9, MIBR, Natus Vincere және Team Liquid командалары болады. FaZe Clan - танымал солтүсттікамерикалық ұйым. Ол Call of Duty құрамасымен танымал. Олардың CS:GO командасын да әлемнің ең үздік ТОП-10 командалар қатарына кіреді. Қазіргі уақытта FaZe Clan жетінші орында. Бұл команданы танымал FaZe ClipZ атты YouTube қолданушылары құрды. Бұл ұйымның YouTube арнасы жазылмандары көп каналдар арасында бірінші орында тұр.

Айта кетейік, Қыстаубаев америкалық команда сапына биыл көшкен. Наурызда ол бұл келісімшартты ұзартпақ болып, Қытайдағы Чунцин қаласындағы өткен World Electronic Sports Games чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан шығудан бас тартқан.

Осыған дейін, Қыстаубаев ресейлік Gambit командасының қатарында өнер көрсеткен. Былтыр ол екі қазақстандық Рүстем Тлепов және Абай Хасеновпен бірге CS:GO ойынынан өткен Major Krakow турнирінде жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда ол еліміздің жетістікке жеткен киберспортшылардың бірден-бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети