05 қараша 2015 15:08

Қазақстандық сержант аралас жекпе-жек түрі бойынша әлем чемпионатында "күміс" жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ҚР ҚК-нің келісімшарт қызметінің сержанты Мадхат Олжабаев шығыс жекпе-жегінің бір түрі NOMAD MMA бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионат Қарағандыда өтті.  76 келіге дейінгі салмақта күш сынасу мен шеберлік танытуда әскери қызметші өзге елдерден келген кәсіби қарсыластарынан оза шауып, екінші орын алды.

"Менің спортпен шұғылданып жүргеніме 10 жыл болды. Жекпе-жек жаныма жақын болып келеді. Әр жылдары армиялық қоян-қолтық ұрыс, бокс, панкратион бойынша республикалық және халықаралық турнирлерде жүлделі орындар алып жүрдім", - дейді Мадхат.

Қазіргі уақытта әскери қызметші қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, бокстан спорт шеберіне үміткер. Қазір ол жаттығуларын жалғастырып, әлем чемпионы атағын алу және жаңа спорттық шыңдарды бағындыру үшін еңбектеніп жатыр.

Қарулы Күштерде сержант Мадхат Олжабаев 4 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Әскери бөлімде взвод сержанты, дене даярлығы бойынша нұсқаушы қызметін атқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети