29 шілде 2015 18:48

Қазақстандық спортшы допингпен ұсталып, жеңісінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анна Товченик. © vk.com Анна Товченик. © vk.com

Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, Товченик "Большой летний Кубок на приз Гераклиона" турниріне қатысып, А тобында (кәсіби спортшылар) үшінші орын алды. Бірақ жарыстан кейін қазақстандықтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Оның сынамасынан Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі (WADA) тыйым салған субстанциялар табылды.

Турнирдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, допинг-сынаманың қорытындысынан кейін спортшының көрсеткіштері жойылды. Ол үшінші орнынан айырылып қана қоймай, алған сыйлықтарын қайтарып беруге міндеттелді. Айта кетейік, жарыс Мәскеу қаласында 18-19 шілдеде өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети