16 қыркүйек 2014 17:52

Қазақстандық спортшы қыз "Формула-1" жарысына қатысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Любовь Андреева мен Артур Ардавичус . ©vesti.kz Любовь Андреева мен Артур Ардавичус . ©vesti.kz

Картингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Любовь Андреева ресми түрде Astana Motorsports командасының құрамына алынды. Алдағы уақытта ол "Формула-1" корольдік жарысына қатыспақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 


Картингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Любовь Андреева ресми түрде Astana Motorsports командасының құрамына алынды. Алдағы уақытта ол "Формула-1" корольдік жарысына қатыспақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Astana Motorsports командасы "Астана" Президенттік кәсіби клубының құрамына енген. "Астананың" бас менеджері Артур Ардавичус клубтың жаңа мүшесі Любовь Андрееваны таныстырды. "Президенттік кәсіби клубтың басшылығы клуб құрамына тағы бір категория қосуға шешім қабылады", - деді Ардавичус. "Бұл "Формула-1" платформасындағы жылдам жарыс категориясы. Қазақстанда осы категория бойынша ең үздік спортшы – қыз бала. Ол Любовь Андреева. Біз оның көрсеткіштеріне сараптама жасай отырып, Андрееваның Қазақстан бойынша үздік екеніне көз жеткіздік, ол халықаралық деңгейде біздің еліміздің және клубтың атынан намысымызды қорғауға лайық. Мен оған сәттілік пен жеңіс тілеймін. Біздің мақсатымыз Любовь Андреевамен бірге "Формула-1" корольдік жарыстарына қатысу", - дейді ол. 

Биыл Андреева Formula Russia сериясы бойынша жарыстарға қатысуда. Жыл соңына дейін ол Сочидегі және Смоленскідегі жарыстарға қатысады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети