Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте көрсеткішін жақсартты

12 Маусым, 16:01
0

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисшілер өз орындарын жақсартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин төрт сатыға жоғарылап, 47-ші орынға жайғасты. Александр Бублик 91-ші орыннан 85-ші орынға көтерілсе, Денис Евсеев екі орынға жоғарылап 306-шы орында тұр. 

Александр Недовесов (194) және Дмитрий Попко (352) рейтингте төмендеді. Үздіктер тізімін сербиялық Новак Джокович бастап тұр. Екінші орында Рафаэль Надаль. Ал швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікті қорытындылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай