22 сәуір 2019 12:12

Қазақстандықтар Бразилияда өткен CS:GO турнирінде жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/avangarkz © vk.com/avangarkz

Қазақстандық Avangar командасы DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық Avangar командасы DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Qazaq Cybersport Federation парақшасында клубтың тұңғыш рет кәсіпқой сахнада ірі жеңіске жеткенін жазды.

Қазақстандық команда сапында Алексей Qikert Голубев, Бектияр Fitch Бахытов, Тимур Buster Төлепов, сондай-ақ өзбекстандық Санжар SANJI Кулиев және ресейлік Джами Jame Али өнер көрсетеді. 

"Ақтық сынның бірінші ойынында қазақстандық команда таза жеңілді, алайда жігіттер ойында басымдылықты өз қолдарына алып FURIA eSports командасын 2:1 есебімен жеңді", - делінген федерация хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Киберспорт Казахстана (@qcf.kz)

DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирі сәуірдің 19-21 аралығында Рио-де-Жанейрода өтті. Жүлде қоры - 100 мың доллар. Жарысқа сегіз команда қатысты. Турнир трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, Дәурен Қыстаубаев FaZe Clan америкалық командассының сапына 2019 жылы қаңтарда көшкен. Наурызда ол бұл келісімшартты ұзартпақ болып, Қытайдағы Чунцин қаласындағы өткен World Electronic Sports Games чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан шығудан бас тартқан.

Осыған дейін, Қыстаубаев ресейлік Gambit командасының қатарында өнер көрсеткен. Былтыр ол екі қазақстандық Рүстем Тлепов және Абай Хасеновпен бірге CS:GO ойынынан өткен Major Krakow турнирінде жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда ол еліміздің жетістікке жеткен киберспортшыларының бірден-бірі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети