Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтарды қуанту үшін бар күшімді салдым - Баландин Риодағы алтын медалі жайлы

11 Тамыз 2016, 10:18
0

Жүзуші Дмитрий Баландин Риодағы жеңісінен кейін оған қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен үшін соңына дейін жанкүйер болып, сенген Қазақстанға алғыс айтамын. Бізді Олимпиадада қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шын мәнінде өте қиын. Теледидар алдында мұны сіздер сезбейсіздер. Бірақ ел ұйықтап жатқанда осындай сәтте жарысқа шығу өте қиын. Елді қуанту үшін жаныңды салу", - деді Олимпиада чемпионы жеңісінен кейін.

Айта кетейік, алғашқы 50 метр қашықтыққа жүзгенде ол алтыншы орында болған еді. "Мен кеше ғана жеңіске бастапқыда барлығынан озып бара жатқан емес, соңында келе жатқан адам жететінін айтқан едім. Бүгін мен осыны дәлелдедім. Мен жапондық Косуке Ишухирудың бастапқыда әлемдік рекордтан асып жүзіп келе жатқанын көрдім, бірақ соңғы қашықтықтарда оның әрі қарай жетуге шамасы болмады. Мен басқа не айтарымды да білмей тұрмын. Өте бақыттымын", - деді спортшы.

Осылайша Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды. Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр. Сонымен қатар, Баландиннің сенсациялық жеңісінің видеосы жария болды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай