19 ақпан 2014 20:44

Қазақстанға келмек болған голланд дүлдүлі Олимпиада чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет greenwichtime.com сайтынан Сурет greenwichtime.com сайтынан

Осыдан бірер жыл бұрын Қазақстанға келіп, біздің елдің намысын қорғамақ болған голланд дүлдүлі конькимен жүгіру спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Йоррит Бергсма Ванкувер Олимпиадасы қарсаңында Голландия құрамасының сапына іліге алмай, Қазақстанға тартып кетуге бел буған. Бірақ соңғы сәтте туған елі, нақтырақ айтқанда, Голландияның конькимен жүгіру федерациясы оны жібермеген. Сол кездері осы спорт түріндегі марафонда әбден шыңдалған Йоррит Бергсма Сочи Олимпиадасындағы ең алыс қашықтықтағы бәйгеде алдына қара салмады. Тіпті әйгілі отандасы Свен Крамердің өзінен асып түсті. Ал біздің Дмитрий Бабенко бұл бәйгеде 12-орынмен шектелді. Кім біледі, Йоррит Бергсма біздің елге келгенде, осы жүлде бізге бұйырар ма еді?..

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети