10 қаңтар 2018 10:18

Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Астанаға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлжан Жармұхамедов. © cska.ru Әлжан Жармұхамедов. © cska.ru

Елордалық баскетбол клубының бастамасымен Қазақтаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов "Астана" балалар баскетбол академиясының тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық баскетбол клубының бастамасымен Қазақтаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов "Астана" балалар баскетбол академиясының тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, балаларға Олимпиаданың белгілі чемпионынан білім, тәжірибе және машық алуға мүмкіндік туып отыр.

Академия тәрбиеленушілері шеберлік дәрісінен кейін Жармұхамедовпен бірге "Движение вверх" фильмінің жабық көрсетіліміне барады. Бұл фильм баскетболдан кеңестік құраманың 1972 жылғы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісін баяндайды.

1972 жылы Мюнхенде Олимпиада ойындарының тарихи финалы өтті, онда КСРО баскетбол құрамасы баскетбол ойынының негізін құраған Америка Құрама Штаттарының командасын тұңғыш рет жеңді.

Айта кетейік, сол кезде Кеңес Одағы құрамасының құрамында қазақтан шыққан жалғыз спортшы Әлжан Жармұхамедов ойнаған. Кеңестік белгілі баскетболшы - 1972 жылғы Олимпиаданың чемпионы, 1976 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ.

Қазіргі уақытта баскетболшы Жармұхамедов Мәскеуде тұрады және спорт қауымдастығында белсенді қызмет атқарып жүр.


© cska.ru

"Астана" баскетбол клубы Қазақстанның қазіргі чемпионы, сондай-ақ, елдің ұлттық құрамасының негізі. Елордалық клуб қазақстандық баскетболдың даму негізі болғандықтан, "Астана"балалар мен жасөспірімдер спортының сапалы әрі әржақты дамуына аса назар аударып отыр. Осылайша, бүгінде 300-ден аса бала білім алып жүр.


© РИА Новости мұрағатынан

Әлжан Жармұхамедов әкесінің мына айтқан сөзін еске салды: "Қазақстанға қайт, ол сенің Отаның, сен өзіңнің еліңнің атынан ойнау керексің". 

Баскетболшыны 1969 жылы алматылық "Локомотив" командасына шақырған екен. Спортшы Қазақстан астанасында жарты жылдай уақыт болып, кейіннен Қазақстан құрамасымен бірге Рига аттанды. Бірақ сол кезде Бокс федерациясы Әлжан Жармұхамедовқа Қазақстан атынан ойнауға рұқсат бермеді. Сондықтан баскетболшы осындай маңызды жарыстан қалып қалмас үшін Өзбекстан формасын киіп, өнер көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети