07 сәуір 2014 | 15:29

Кханом жағажайынан Нанкин Олимпиадасына екі жолдама алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет volley.kz сайтынан Сурет volley.kz сайтынан

Жағажай волейболынан Таиландта жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып, еліміздің жас таланттары екі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Жағажай волейболынан Таиландта жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып, еліміздің жас таланттары екі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кханом жағажайында үш күн бойы Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының аймақтық електік додасы өткен болатын. Әу баста ҚР волейбол федерациясы "жүлдеге іліккен жұптар ғана Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына ие болады" деп ақпарат тартқан. Бірақ жүлдегерлер ғана емес, алғашқы алтылыққа іліккендер де Нанкин Олимпиадасында бақ сынау құқығына ие болады екен.

Абырой болып, бозбалалар мен бойжеткендер арасына үкілеп қосқан қос жұбымыз да Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, біздің елдің намысын Ақтаудағы "Каспий" клубының өкілдері қорғаған болатын.

Енді бәрін ретімен жазар болсақ, бозбалалар арасында Сергей Полищук пен Егор Дмитриев жұбы осы електік турнирде жеңімпаз атанған Индонезия жігіттерімен бір топқа түсті. Топтық кезеңде олардан ұтылып қалғандарымен, Сауд Арабиясы және Австарлия жастарын ұтып, "С" тобында екінші орынға ие болды.

Өкінішке қарай, ширек финалда жергілікті Таиланд талантарынан да ұтылып қалды. Есесіне 5-8 орындар үшін өткен екі кездесуде де жеңіске жетіп, Нанкин Олимпиадасының жолдамасын еншіледі. Әуелі Катар, одан соң Жаңа Зеландия жұптарын ұтып, 5-орынды иеленді.

Бозбалалар арасындағы дода төмендегідей болып аяқталды:
1. Индонезия
2. Таиланд
3. Иран
4. Шри-Ланка
5. Қазақстан
6. Жаңа Зеландия
7. Катар, 8. Жапония, 9-12. Гуам, Вануату, Австралия, Тайпэй, 13-15. Мальдив, Сауд Арабиясы, Сингапур.

Ал бойжеткендер арасында өткен күздегі ел чемпионатының ақтық сынында қола жүлдеге ие болған Анастасия Туктарева мен Екатерина Ласюта жұбы 6-орынға ие болды. Олар топтық кезеңде Тайпэй қыздарынан ұтылғанымен, Жаңа Зеландия бойжеткендерін ұтып, плей-оффқа шықты.

Ширек финалда осы електік турнирде жеңімпаз атанған Индонезия қыздарына есе жіберіп алды. Бірақ ең маңызды шешуші матчта Шри-Ланка аруларын ұтып, алғашқы алтылыққа ілікті. 5-орын үшін өткен матчта Таиланд қыздарынан ұтылып қалса да, бұл олардың көңіл-күйлерін түсірген жоқ. Себебі жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының лицензиясы «жан қалтада» болатын.

Жалпы, бойжеткендер арасындағы доданың қорытындысы төмендегідей:
1. Индонезия
2. Австралия
3. Тайпэй
4. Вьетнам
5. Таиланд
6. Қазақстан
7. Гонконг, 8. Шри-Ланка, 9-12. Соломонов аралдары, Гуам, Жаңа Зеландия, Жапония.

Енді Қазақстанның қос жұбы, яғни Сергей Полищук – Егор Дмитриев және Анастасия Туктарева – Екатерина Ласюта 17-27 тамыз аралығында өтетін Нанкин Олимпиадасына дайындалатын болады. Ескерте кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасына 15-18 жас аралығындағы (01.01.1996 – 31.12.1999 жж туған спортшылар) ғана қатыса алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети