13 шілде 2014 11:48

КХДР телеарнасы өз елдерін ӘЧ плей-офф кезеңіне шықты деп хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр с YouTube Кадр с YouTube

Солтүстік Кореяның бір телеарнасы өз құрамаларының Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткендігін хабарлаған. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы жазады.


Солтүстік Кореяның бір телеарнасы өз құрамаларының Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткендігін хабарлаған. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы жазады.

Жаңалықтар топтамасында жергілікті құрама өз тобындағы барлық кездесулерді жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алып, ол жақта Португалия құрамасымен кездеседі деп айтқан. Өз топтарында Корея құрамасы Жапония құрамасын 7:0, АҚШ құрамасын 4:0 және Қытай құрамасын 2:0 есебімен жеңген екен. Сондай-ақ репортаж барысында матчтағы ең қызықты сәттерді, қуанып жатқан корей жанкүйерлерін және футбол көру үшін Бразилияға барған КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынды көрсеткен.

Айта кетейік, шын мәнінде Солтүстік Корея құрамасы әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсететін 32 құраманың қатарына іліккен жоқ. Ал, Португалия құрамасы болса топтық кезеңнен аса алмады.

Еске салайық, ХХ рет өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесуі 14 шілдегі күні Астана уақытымен 01.00-де басталады. Бразилияның "Маракана" стадионында өтетін бұл ойында Аргентина құрамасы Германиямен күш сынасады. ӘЧ-2014 жартылай финалының алғашқы матчында немістер алаң иелері бразилиялықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтса, аргентиналықтар Сан-Паулу алаңында нидерландылықтарды жеңіп, финалға шықты. Бұл ойынның негізгі және қосымша уақытында екі команда да гол соға алмағандықтан жеңімпаз пенальти сериясымен анықталды. Нәтижесінде 4:2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.

12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети