10 мамыр 2014 11:47

"Классиктердің" қарсыластары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: confederation.kz Сурет: confederation.kz

Мамырдың 15-16 күндері Иран астанасы Тегеранда күрес түрлерінен ұлттық құрамалар арасында әлем кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мамырдың 15-16 күндері Иран астанасы Тегеранда күрес түрлерінен ұлттық құрамалар арасында әлем кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында ғана Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алған Қазақстан құрамасының намысын бұл сынға тек грек-рим күресінің шеберлері ғана қорғайды. 

Жеребенің қорытындысы бойынша біздің жігіттер Венгрия, АҚШ, Ресей, Түркия, Ресей балуандарымен бір топқа түсті. Екінші топта Иран, Армения. Әзірбайжан, Финляндия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Айта кетейік, турнир барысында әр топтан бірінші орын алған құрама алтын медаль үшін, екінші орын алғандары қолаға таласады.

Еске салайық, Қазақстан Тегеранда өткен былтырғы әлем кубогында бесінші орын алған. Сол сында финалда Ресей Иранды ұтып, жеңіске жеткен. Түркия қола медаль алған еді. Жалпы, Қазақстан грек-рим құрамасы әлем кубогы тарихында бір рет финалға шыққан. 2003 жылы Алматыда өткен әлем кубогында біздің құрама финалда Ресейге 3-4 есебімен жеңілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети