14 шілде 2016 07:55

Кінәмнің жоқ екенін дәлелдеуге ақшам жоқ - Седов допинг дауы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов. © almaty2014iwf.com Владимир Седов. © almaty2014iwf.com

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов КТК телеарнасына берген сұхбатында сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты ойын айтты.


Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов КТК телеарнасына берген сұхбатында сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты ойын айтты.

Осыған дейін тыйым салынған заттардың Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың допинг-сынамасынан табылғаны белгілі болған еді. Халықаралық Олимпиада комитеті Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен бірігіп ұйымдастырған қайта тексеріс барысында Седовтың "А" сынамасында станозолол табылған. Келесі аптада "Б" сынамасы ашылады. 

Телеарнаның мәліметінше, спортшы бұл мәліметті үзілді-кесілді теріске шығарып отыр. Ол ешқашан допинг қабылдамағанын және жеңілсе де, жеңсе де адал болғанын мәлімдеді. Алайда Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің шешіміне мемлекеттің көмегінсіз шағым түсірмейді екен. Оған ақшасы жоқ көрінеді.

"Менің қаражатыммен шешімге шағым түсіруге немесе тағы бір әрекеттер жасауға мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Егер мемлекет көмектессе, әрине, адал екенімді дәлелдеймін. Мен ешқашан допинг қолданған жоқпын, Енді "B" сынамасын ашу керек. Ал егер онда да тыйым салынған заттар бар болып шықса, дисквалификация болады", - деп келтіреді телеарна тілшілері Седовтың сөзін. (Дереккөз: КТК)

Айта кетейік, 28 жастағы Седовтың спорт мансабында допингпен ұсталған жағдай осыған дейін де болған. 2006 жылы ол 2008 жылдыуң мамырына дейін жарыстардан шеттетілген еді. Ал Бейжіңдегі Олимпиадада Седов төртінші орын алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети