03 мамыр 2014 12:00

Колесников – "ВТБ бірегей лигасындағы" ең үздік қазақстандық баскетболшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vtb-league.com Фото: vtb-league.com

"Астана" баскетбол клубының шабуылшысы Анатолий Колесников "ВТБ бірегей лигасының" 2013/2014 жылдар маусымындағы ең үздік қазақстандық ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана" баскетбол клубының шабуылшысы Анатолий Колесников "ВТБ бірегей лигасының" 2013/2014 жылдар маусымындағы ең үздік қазақстандық ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ВТБ бірегей лигасы" былтырдан бері әр елдің үздік ойыншыларын анықтауды дәстүрге айналдырған. Аталмыш лигада тоғыз елдің клубтары өнер көрсетеді.

Алты елден бір ғана командадан қатысады (Қазақстан, Латвия, Эстония, Беларусь, Чехия, Польша). Осы елдердің үздік ойыншыларын "ВТБ бірегей лигасының" өзі анықтайды.

Ал бірнеше клубтары бар елдердің, атап айтқанда Ресейдің (10 клуб) және Литва мен Украинаның (екі клубтан) үздік ойыншыларын лига осы мемлекеттердің беделді баскетбол басылымдарымен бірлесе отырып айқындайды.

Биыл біздің елдің аталмыш лигадағы үздік ойыншысы мәртебесіне Анатолий Колесников ие болды (Былтыр Антон Пономарев үздік танылған болатын). Колесниковтің биылғы маусымдағы техникалық көрсеткіштері басқа баскетболшыларымыздың статистикаларына қарағанда жоғары болған.

Ол биылғы маусымда "Астана" сапында 18 ойын өткізді. Осы ойындарда орта есеппен команда қоржынына 3,3 ұпай салып, 0,4 пас берген. 2,5 рет доп қақшып алып, тиімді әрекеттері үшін 5,2 балдан еншілеген.

Осы ретте айта кетейік, "Астана" сапындағы тағы бір легионер-ойыншы өз елінің үздік ойыншысы болып жарияланды. Атап айтқанда, Янис Блумс "ВТБ бірегей лигасындағы" Латвияның ең үздік ойыншысы атанды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети