21 ақпан 2014 15:45

Коньки тебуді голландиялықтардан үйренеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ел спортының басшылары Нидерланды корольдігінің спорт министрімен Ел спортының басшылары Нидерланды корольдігінің спорт министрімен

Сочи Олимпиадасы бағдарламасындағы додалар әбден қызған кезде Қазақстан спортының басшылары әр түрлі ресми кездесулер өткізіп, алдағы күндеріміздің қамын ойластыра бастады. Сочидегі Қазақ үйінде ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев пен ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов әуелі Нидерланды корольдігінің спорт министрі Эдит Схипперспен кездесу өткізді. Бұл кездесуде екі елдегі коньки спортын бірлесіп дамыту және тәжірибе алмасу жөнінде келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ спорттық кешендерді тиімді пайдалану жолдары да талқыланды. Әрі алдағы уақытта осы кездесу барысында келісілген мәселелер жөнінде әріптестік Меморандумы жасалатын болып келісілді. Бір күннен кейін ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев пен ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов Халықаралық коньки спорттары президенті (ISU) Оттавио Чинквантамен кездесті. Осы кездесулерден кейін ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевты сөзге тартқан едік: – Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Саютин жаман жұмыс жасаған жоқ. Қолынан келгеннің бәрін жасады. Мысалы, Ванкувер Олимпиадасымен салыстырғанда, конькишілеріміздің көрсеткіштері біршама жоғарылады. Десек те, спортты ғылыммен ұштастырмасақ, жүлдеге жету қиын. Бұл тұрғыда, Нидерланды конькишілерін атап өтуге болады. Олар қазірдің өзінде 21 жүлде еншіледі. Оның 6-уы – алтын. Сондықтан олардан үйренеріміз көп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети