Конькимен жүгіруден жүлде ала алмадық

19 Ақпан 2014, 16:41
0
Сурет kazsports.kz сайтынан
Сурет kazsports.kz сайтынан
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Саютин конькишілеріміздің Сочи Олимпиадасындағы көрсеткіштерін қорытындылап, сұрақтарымызға жауап берді.

– Бізге Сочи Олимпиадасына төрт лицензия алу жүктелген еді. Біз бұл межеден асып түсіп, алты лицензия еншіледік. Бірақ «бір жүлде алсақ» деген мақсатымызға қол жеткізе алмадық. Сочи Олимпиадасынан кейін ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігіне есеп береміз. Басшылар сол кезде біздің көрсеткіштерімізге өз бағаларын береді.

Өз басым біздің конькишілер тәп-тәуір нәтиже көрсетті, қолдарынан келгенін істеді деп есептеймін. Ал жүлде алу мәселесіне келсек, біз ресми түрде міндеттеме алған жоқпыз. Алайда біз соған талпындық. Өкінішке қарай, сенім артқан саңлағымыздың бағы жанбады, – деп жауап берді, В.Саютин.

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай