06 наурыз 2016 12:42

Конор МакГрегор жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/UFCStuff © twitter.com/UFCStuff

Аралас жекпе-жектен ирландиялық спортшы Конор МакГрегор UFC аясындағы турнирдегі жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Аралас жекпе-жектен ирландиялық спортшы Конор МакГрегор UFC аясындағы турнирдегі жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа салмақта ирландиялық америкалық Нэйт Диаспен кездескен еді. 

Кездесудің бірінші раундынан МакГрегор соққы техникасын көрсете бастады. Бұл арқылы ол қарсыласының қабағын жарды. Бірінші раундтың аяқталар тұсында екі спортшы да партерде болды, алайда ешкім әдіс жасай алмады. 

Екінші раундта МакГрегор тағы да басым болған, ол соққыларды бірінен кейін бірін жасады. Алайда Диас раундтың ортасында қайтара соққы жасай біоіп, қарсыласын торға тақап алды. Осыдан кейін Конор мен Диас партерге түсіп, соңғысы қылғындыру әдісін жасай білді. 

Ирландялық октагонда 22-ші кездесуін өткізді, ал жеңілістерінің саны үшеуге жетті. 

[removed][removed]

Сонымен қатар, UFC аясындағы тағы бір жекпе-жекте Ронда Роузиді сенсациямен ұтқан Холли Холм Миша Тейттен жеңіліп қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети